★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Мерекелік марапаттар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы 2023 жылды қорытындылай отырып, университетіміздің 80 жылдық мерекесіне орай дайындық орталығындағы білікті оқытушыларды марапаттады.
Университетіміздің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ысқақова Айгүл Төлеутайқызы арнайы келіп, дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек, аға оқытушылар Үсіпов Асан, Қасымхан Ғалым, Айтымбаев Асхат, Жұмағұлов Нұркен, жоғары дәрежелі білікті маман-әдіскер Аралова Айгерімді "Мұхтар Әуезов" төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, Сейтметова Айжан, Сыздық Жанат, Байназарова Жұлдыз университетіміздің Бірінші проректоры Қ. Нұрманбетовтің Алғыс хатымен марапатталып, бұл марапаттарды дайындық орталығының басшысы табыс етіп, әріптестерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.



Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ