★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Өзбекстанға кәсіби бағдар іс-сапары
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек пен дайындық орталығының аға оқытушысы Жұмағұлов Нұркен Өзбекстан Республикасына сапарлап барды.
Ташкент облысы, Бостандық ауданына қарасты ауылдық мектептердегі оқушылармен кездесті. Сонымен қатар, Шыршық, Газалкент, Қыбырайдағы орта мектептерге де бас сұғып, әсіресе, мектеп бітіруші түлектерге Қазақстандағы іргелі оқу орындары туралы түсіндіре келіп, Шымкенттегі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тыныс-тіршілігі мен ондағы барлық мамандықтар жайында кеңінен таныстырды.
Кездесу барысында, көптеген оқушы бауырларымыз Қазақстанға келіп оқысам деген ойларының бар екенін және тіпті де қызғушылықтарының арта түскенін жасырмады



Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ