★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Футбол матчы
29 қараша күні дайындық орталығында тыңдаушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты насихаттауға арналған кіші футболдан топаралық турнир өтті. Тыңдаушылар «Алаш», «Арлан», «Қазақ», «Ордабасы» сынды төрт топ болып құрылып, қызықты ойын көрсетті. Дайындық орталығының оқытушысы Үсенбаев Айбат өзі бас болып, тыңдаушылардың футбол ойынына төрелік етті. Басқа да топ тәлімгерлері тыңдаушыларға қолдап білдіріп, ойын алаңына жиналды. Жарыстың соңында төрт топтың ішінен «Алаш» І орынды, «Қазақ» ІІ орынды, «Арлан» ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, топаралық турнирде жақсы ойын көрсеткені үшін «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинациясымен әр топтың ойыншылары марапатталды.


Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ