★Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Заман және қаламгер
Шымкенттік қаламгерлер қала жұртшылығымен «Заман және қаламгер» атты кездесу өткізді. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, сондай-ақ өңіріміздегі қаламгерлер, студент жастар, әдебиетті қадір тұтар жұртшылық жиналды.
Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Момбек Әбдәкімұлының ұйыстыруымен өткен бұл іс-шараның маңызы зор.
Кездесу соңында бірқатар ақын-жазушыларға «AMANAT» партиясы атынан алғыс хаттар табысталды. Солардың қатарында М. Әуезов атындағы ОҚЗУ, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының аға оқытушылары Асан Үсіпов пен Ғалым Қасымхан «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, қаламгерлердің бір шоғыры қала әкімінің және қалалық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталды.
Алқалы жиынның арасында көпшіліктің көңілін көтеретін халық әндері шырқалды. Осы кездесу кешіне барған М. Әуезов атындағы ОҚЗУ, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушылары қаламгерлердің жарыққа шыққан туындыларымен танысып, әсерлі әңгімелерінен тебіреніп қайтты.




Басқа жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-технология" факультетінің т

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Республикасы, Ташкент

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушылар арасында "Қыз – ұ