★Тарих және педагогика факультеті
ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ - ӘУЕЗОВ
Қараша айының 23-жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының ТП-19-14дкр мен ТП-19-19к топ студенттері заңғар жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арнап «Әлемге әйгілі - Әуезов» атты ашық тәлімгер сағаты өтілді. «Тарих және педагогика» факультетінің аға тәлімгері Малғайдарова Г., декан орынбасары Султанова К. және "Жалпы тарих және мұражай ісі" кафедрасының меңгерушісі Отарбаева Г.К., кафедраның аға тәлімгері Тоиева М.Е, топ тәлімгері Ерланқызы А. және кафедраның студент-жастары қатысты.
«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен ашық тәлімгер сағатында М.Әуезов шығармаларынан студенттердің арнайы дайындалған бейне ролик, презентация, бейне-ойындар және үзінді сахналық қойылымдар көрсетілді.
«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының мамандығының студенттері қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының ірге тасын қалаушылардың бірі, академик, филология ғылымының докторы, профессор, аудармашы Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арнау өлеңдерін көпшілікке тарту етті.
Шара барысында студенттер М.Әуезов толғаған қазақтың кең байтақ даласының баласы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын Ұлы Абайдың "Қаракөз", "Желсіз түнде жарық ай" әндерін нақышына келтіріп шырқады.
Кеш соңында кафедра меңгерушісі Отарбаева Г.К., ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Осылайша, қазақ әдебиетін әлемге әйгілі еткен Әуезовтің есімін ұлықтауға арналған әдеби іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қазақ ұлты барда, ғұлама жазушының асыл мұрасы мәңгілік жасай бермек.







Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары