★Тарих және педагогика факультеті
ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: тарих пен тағылым" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Ғылыми іс-шара жиынына тарихшы ғалымдар, музейтанушылар, облыстардағы музей ісінің қызметкерлерімен қатар жоғары оқу орнының ұстаздары шақырылды. Пленарлық мәжілісте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті"Қазақстан тарихы" кафедрасынан профессоры, т.ғ.д. С. Әлібек мемлекет қайраткері Сұлтанбек Садықбеков туралы баяндама жасады, сондай-ақ конференцияға кафедра доценті, т.ғ.к. Г. Тілеуқұлов және аға оқытушы А. Қабыл қатысты. Тағылымды басқосуда Отан тарихындағы күрделі кезеңінде өмір сүріп, қайраткерлік қызмет атқарған, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар туралы, музей жұмыстарының нәтижелері және бағыттары жөнінде құнды мәліметтер айтылды, зерттеу мәселелері талқыланды.








Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
FKПедагогикалық практика – кәсіби шеберлікке бастар жол
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде өндірістік педагогикалық практика өз жалғасын табуда! Колледж қабырғасында өтіп жатқан өндірістік педагогикалық практика барыс