★Тарих және педагогика факультеті
«Заманауи педагогика және психология» кафедрасында студенттердің ғылыми практикалық конференциясы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, «Тарих және педагогика» факультеті, «Заманауи педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтың 125-жылдығына арналған «Жаңару мен жаңғыру жолындағы Жаңа Қазақстан: студенттердің ғылыми ізденістерінің нәтижесі» атты XXVI-шы ғылыми практикалық конференциясы өтті. Студенттердің ғылыми практикалық конференциясы мақсаты: студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, болашақ мамандардың жоғары оқу орындарында алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі, жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлаудың деңгейін көтеру, талантты жастарды анықтау. Кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Бөлетова Ляззат Алпысбайқызы кіріспе сөз алып қатысушыларға сәттілік тіледі. Секция жұмысының модераторлары: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Примбетова Сәуле Кульбаевна, оқытушы, магистр Байрова Айзат Дүйсенбайқызы конференция нәтижелері бойынша марапаттау рәсімін өткізді. Марапаттарыңыз құтты болсын, жас ізденушілер!












Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары