★Тарих және педагогика факультеті
Әуезов университетінің «Жыл Аруы-2022» байқауының жеңімпаздары анықталды
«Тарих және педагогика» факультетінің 1 курс студентті Минаимбекова Дидара Ильясқызы «Жыл Аруы 2022» байқауына қатысып, «Ең көрікті ару» номинациясымен марапатталды. Байқаудың басты мақсаты қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап, одан әрі дамыту болып табылады.
Байқауға өтініш білдірген 100-ден аса қатысушылардан іріктеліп, сұлу да сымбатты, ақылы мен көркі сай 14 қыз бақ сынады. Байқау ережесіне сәйкес жарысқа қатысушы қыздар өздерінің заманауи бағытта дайындаған киім үлгілерімен дефиле өнерін көрсетіп, музыка ырғағында синхронды би билеп, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың сұлулығына ғана емес, туған халқының салт-дәстүрлерін білуіне және шығармашылық қабілеттеріне аса мән беріп, тиісінше баға берді. Факультет аруымыздың алған марапаты жемісті болсын. Бұл тамаша марапатты зор қуанышпен қабылдадық. Сіз табандылық және шеберлік танытып осы байқауда біздің факультетіміздің мерейін үстем ете білдің.Аруымызға жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!



Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары