★Тарих және педагогика факультеті
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ҮШІН КЕҢЕСТЕР, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
2022 жылдың 29-желтоқсан күні М. Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және Педагогика» факультетінің 7-ғимаратына қарасты оқырман залында ««Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өту үшін кеңестер, тәжірибе алмасу» атты тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарды бас спикер ретінде «Болашақ» бағдарламасының түлегі, М. Ломоносов атындағы ММУ-де ғылыми тағылымдамадан өтіп келген, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының аға оқытушысы Пазилов Ержан Жарқынбайұлы жүргізді. Семинар барысында спикер тарапынан «Болашақ» бағдарламасы аясындағы ғылыми тағылымдама өтетін университетті және ғылыми кеңесшіні қалай таңдау керек, конкурс талаптарына сай қажетті құжаттарды қалай жасау қажет деген мәселе төңірегінде өте құнды мәліметтер берілді. Іс-шара соңында «Тарих және педагогика» факультетінің деканы ф.ғ.к., доцент Уразбаев сөз алып, профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру және факультеттің ғылыми әлеуетін жоғарлату үшін әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтудің маңызы зор екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі 500 ғалым жобасына қатысып, бақ сынауды жоспарлап отырған ізденушілерге сәттілік тіледі.






Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары