★Тарих және педагогика факультеті
«6В03130-Психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасындағы І пәндік олимпиада
15.03.2023 жылы сағ.10:00де «Психология және арнай педагогика» кафедрасының Стратегиялық жоспарына сәйкес «6В03130-Психология» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері арасында кафедрішілік І пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиаданың мақсаты – «6В03130-Психология» білім беру бағдарламасына сәйкес теориялық және практикалық тұрғыда білімі бар дарынды студент жастарды анықтау, студенттердің рухани-адамгершілік білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына және Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуға қызығушылықтарын арттыру. Олимпиадаға 6 команда құрамы - «Кемел адам», «Жалын», «Стимул», «Дивергент», «Креатив», «Эмпатия» топтары қатысып: І-дәрежелі дипломмен «Кемел адам» тобы марапатталып, 50000тг. жүлде алды. Жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы Ауелова Қымбат Ережеповна;ІІ-дәрежелі дипломмен «Креатив» тобы марапатталып, 30000тг. жүлде алды. Жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы Нигматуллина Жібек Шаймерденовна; ІІІ-дәрежелі дипломмен «Эмпатия» тобы марапатталып, 20000тг. жүлде алды. Жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы Жандабаева Индира Серікбайқызы. Олимпиада белсенді студенттер әр түрлі қырынан ашылып, өздерінің білімдерімен өнерлерін жоғары деңгейде көрсете алғаны үшін басқа топтарға «Танымдық белсенділігі», «Әдіснамалық білімділігі», «Ғылыми ой-өріс ұшқырлығы» номинациялары берілді. Олимпиадаға қатысқан белсенді студенттерге қаржылай көмек көрсеткен үшін GGX KAR TS компаниясының бас директоры Тоқтар Смаханұлына алғыс білдірілді.








Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары