★Тарих және педагогика факультеті
6В03210 - "Кітапхана ісі" білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХV Республикалық пәндік олимпиадасы
2023 жылдың 19-20 сәуір аралығында 6В03210 «Кітапхана ісі» (6В03205 – «Кітапханалық ақпараттық жүйелер) білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Республикалық Олимпиада өткен олимпиаданың жеңімпазы болып табылатын «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің» Тарих факультеті, Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Олимпиада мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту болып табылады. Олимпиада командалық жарыс түрінде үш турда өтті. І тур. Команданың сәлемдесуі үй тапсырмасы ретінде орындалды. Тапсырмада кітапхана саласындағы тәжірибелік жұмысқа, шығармашылық бөлімдерге бағытталуды, мәнін, ерекшеліктерін қамтитын мамандық таныстырылды. ІІ тур. Командалардың ситуациялық және 6В03210 «Кітапхана ісі» (6В03205 – «Кітапханалық ақпараттық жүйелер) БББ бейіндік пәндері бойынша сұрақ-жауап сайысы. Әр командаға 1 ситуациялық тапсырма және 2 сұрақ берілді. ІІІ тур. Кітапхана қызметіне байланысты ғылыми жоба жасау және қорғау.






- «Бәрі біздің қолымызда» кітапхана ісін дамыту;
- Сандық білім кеңістігіндегі: кітапхана мамандарының құзіреттіліктері.






Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары