★Тарих және педагогика факультеті

СТУДЕНТТЕР ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ПРАКТИКАДАН ӨТТІ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Тарих және педагогика факультетінің, ТП-22-5кр тобының 1-курс студенттері "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-да оқу-танымдық практикадан өтті Оқу-танымдық практиканың жетекшісі "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ы директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ақылбек Серік Шәймерденұлы студенттерге практикадан өтудегі ең негізгі мәселелер бойынша жиналыс өткізіп, мекемедегі бөлімдердің жұмысымен жан-жақты таныстырды. Студенттер теория жүзінде баяндалған ақпараттарды практика барысында жүзеге асырып, Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалажұртында болды.

← Барлық жаңалықтар