★Тарих және педагогика факультеті
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14 ақпан "Халықаралық кітап сыйлау" күніне орай "Жалпы тарих және музей ici" кафедрасының ТП-22-14к тобы "Балалар оқуына басшылық жасау" пәнінен "Балалар мен жасөспiрiмдердiң оқуы мен педагогикасының қазiргi жағдайы" атты тақырыбына ашық сабақ өткiзiлдi. Мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. Бұл күні, ең алдымен балаларға, жасөспiрiмдерге, студенттерге сондай-ақ белгілі-бір себептермен кітап оқуға мүмкіндігі шектеулі адамдарға кітап беру әдетке айналдыру. Ақпараттық технологиялар мен цифрлық кітаптардың дамуына қарамастан, баспа түріндегі кітап рухани құндылық ретінде бағалану. Аға оқытушы, магистр Тойева М.Е. өз сөзінде бүгінгі таңда кітап пен мерекені насихаттаудың идеялық шабыттандырушылары өз мақсаттарына қол жеткізгенін атап айтты. Ашық сабаққа ТП-21-14к, ТП-23-14к топтары қатысып, өз ойларын айтты. Ашық сабақ барысында студенттер бір-біріне сүйікті кітаптарын жеребе арқылы сыйға тартты. Ақындардың шығармашылығынан шабыттанған студенттер сүйікті авторларының өлеңдерін оқып, домбырада күй орындады. Кiтап – жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бiр-бiрiмiзге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайық!












Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары