★Тарих және педагогика факультеті
Халықаралық «Auezov university-2024» тарихшылардың қысқы мектебі өз жұмысын бастады!
2024 жылдың 19-ақпан күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: заманауи түрленуі мен ерекшеліктері» атты тақырыптағы Қысқы мектеп өз жұмысын бастады. Жыл сайын ұйымдастырылатын Қысқы мектеп ағымдағы жылдың 2-наурызына дейін Zoom платформасында онлайн жалғасады. Қысқы мектептің мақсаты –түркі мәдениетінің өз алдына ерекшеленіп келе жатқан ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан ұлағаты мол салт-дәстүрлерін, тығыз байланыстарының тарихитәжірибесін кеңінен насихаттау. Zoom платформасындаөткен халықаралық Қысқы мектеп сессиясының ашылуына еліміздегі жоғары оқу орындарының және АҚШ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Белоруссия, Монғолия мемлекеттерінің атақты ғалымдары қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Қысқы мектеп жұмысы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушыларына, докторанттар менмагистранттарға арналған. Қысқы мектеп жұмысының соңында қатысушыларға 3 кредит көлемінде арнайы сертификат беріледі.










Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары