★Тарих және педагогика факультеті
Ашық есік күні
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Кәсіптік бағдар беру орталығы және «Тарих және педагогика» факультеті № 7 оқу ғимаратында Шымкент қаласы, Түлкібас ауданының бітіруші түлектеріне білім беру бағдарламаларын, оқу-зертханалық кешендерін таныстыру мақсатында "Ашық есік" күнін өткізді. «Тарих және педагогика» факультетінің деканы, Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы, «Мектепке дейінгі бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Ермекбаев Мұхтар Әбенұлына, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі Отарбаева Гүлжан, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Үсенова Ақкенже Мұқанқызы, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Джунисбаев Серік Мұтанұлы, «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы және Кәсіптік бағдар беру орталығының медиа бөлімінің жетекшісі Қайықбаев Мейрбек Жумабайұлына сөз берілді. «Тарих және педагогика» факультетінің белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектерге университет жайында және факультет туралы түсірілген бейне роликті тамашалады. Ашық есік күнінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кәсіби бағдар беру жұмыстарына және іс-шараға белсенді қатысқан бірқатар мектеп және колледж директорлары алғыс хатпен марапатталды. Іс-шара соңында оқушылар мен ата – аналардың сұрақтарына жауап берілді.








Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары