★Тарих және педагогика факультеті
УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
М. Әуезов университетінде Ғылым қызметкерлерінің күні атап өтілді. Іс-шараға оқу ордамыздың ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтсүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – Ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов салтанатты шараны ашып, жиналған ғылыми қауымды мерекемен құттықтады. Салтанатты шара барысында факультетіміздің жас ғалымдар төрайымы, Қазақстан тарихы кафедрасының PhD, доценті Батырбекқызы Гауһар Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен марапатталды. Әріптесімізді құттықтай отырып, зор денсаулық және толағай табыстар тілейміз! Осы мереке күні ғалымдарымызға жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер, табыс және отбасылық амандық тілейміз.








Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары