★Тарих және педагогика факультеті

6В02203 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиада

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылдың 19 сәуір күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 6В02203 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиадасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университетінің «Тарих және педагогика» факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының «Әуезов қырандары» командасы III-орын иеленді. Команда құрамында: ТП-21-5кр тобының студенттері Өтепбай Ерасыл Ержанұлы, Мәулен Азамат Көпжасарұлы, Кунисов Алишер Асқарұлы, Шамшат Әлиасқар Нұридинұлы, Елемес Назерке Бауыржанқызы.

← Барлық жаңалықтар