★Тарих және педагогика факультеті
Инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстары
3.06-13.06.2024 ж. аралығында Түркістан қаласында "Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру моделі "тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Оқыту ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік Даму банкінің қолдауымен өтті. Оқу барысында курс қатысушылары жаңа модельді іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін, құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің мәселелері мен перспективаларын талқылады. Оқытуды халықаралық жаттықтырушылар Каподистрия атындағы Афина ұлттық университетінің ғалымдары жүргізді: ғылым докторы Валия Калайци, PhD Йоргас Гкогкос, сондай-ақ, ҚР инклюзивті білім беру саласындағы сарапшылары М. Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің профессоры Оспанбаева М. П., ерекше балалардың ата-аналар одағының басшысы , қоғам қайраткері Сағадиева Р.Б. Курстарға п.ғ.д., "Жалпы педагогика және психология" кафедрасының профессоры Г. Ж. Лекерова, п. ғ. к., доцент А. М. Нұрбекова, аға оқытушылар А. Т. Сарипбекова,Ж. Ш. Нығматуллина, Л.Ж. Бегалиева, Н.Е. Исманова белсенді қатысты.




Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары