★Тарих және педагогика факультеті
«Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде» «Алаш - Орда тарихының ізімен» атты квест ойыны өткізілді.
2024 жылдың 1 қарашасында «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде» «Алаш - Орда тарихының ізімен» атты квест ойыны өткізілді. Бұл квест ойынына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының студенттері қатысты.
Тарихи жобаның аясында аға оқытушы Г.Б. Нарымбеттің жетекшілігімен 4 студенттен құралған жалпы 5 командасы қатысты. Квест ойыны 6 этаптан құралды. Студенттердің қызығушылығын сырға толы сұрақтарымен арттырып, олардың шапшаңдығын сынады.
Бұл квесттің басты мақсаты ішкі туризмді дамытуға үлес қосу, Шымкент қаласына экскурсияларды насихаттау. Квест ойынының соңында бас жүлдеге ие болған «Алаш мұрагерлері» командасы «Ташкент қаласынының көрнекті орындарына тур» иеленді.
Сонымен қатар «Оңтүстіктің киелі орындарына тур» және «MELOMAN-нан» кітаптар сыйланды. Қызықты өткен бұл квест ойыны Әуезов жастарына жақсы естеліктермен тарихқа деген қызығушылығын арттырды.




Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары