★Тарих және педагогика факультеті
ҰЛЫ БАБА МҰРАСЫ
13 қараша күні Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебаб кітапханасында көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдығына арналған «Ұлы баба мұрасын ұлықтайық» атты оқырмандар конференциясы болды. Танымдық іс-шараға «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Карибаев Сәрсебай Өскенұлы (модератор), кафедра аға оқытушысы Қабыл Алғабек Әділбекұлы қатысып, «Әбу Насыр әл-Фараби мен Мұхаммед Хайдар Дулатидің мемлекет басшысының қасиеттері туралы көзқарастарындағы сабақтастықтар» және «Дулати зерттеушілері: тарих, таным, тағылым» тақырыптарында баяндама жасады. Конференция барысында мектеп, гимназия оқушылары шығармашылық қойылым ұсынып, күй өнерін көрсетті, өлең жырларын оқыды. Тартымды өткен шарада С. Карибаев және А. Қабыл кітапхана басшылығы тарапынан «Алғыс хатпен» марапатталды.




Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары