★Тарих және педагогика факультеті
АҚШ ПРОФЕССОРЫ AUEZOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ МЕН МАГИСТРАНТТАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ.
2025 жылғы 07-09 сәуір аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Тарих-педагогика факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасы 7М02208 – «Дүниежүзілік тарих», 7М02220 - «Тарих», 7М016553 – «География және тарих» және 6В03210 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен студенттерімен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ әріптестік байланыстарды нығайту аясында PhD докторы, библиограф, Индиана университетінің (Блумингтон, АҚШ) Таяу Шығыс, Орталық Еуразия және исламтану кафедрасының профессоры Акрам Хабибулаев сабақ өткізді. Профессордың дәрістері білімалушылар үшін қажетті ақпаратты іздеу және қолжетімді ғылыми деректер қорларында ақпараттық ресурстарды пайдалану мәселелеріне арналған. Тыңдаушыларға кітапханалық-ақпараттық зерттеулерде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Шақырылған профессордың жұмыс бағдарламасында кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарына кеңестер, мастер-класс және дөңгелек үстел өткізілді. Қазақ, өзбек, ағылшын, араб, парсы, түрік және басқа да түркі тілдерін меңгерген филолог, шығыстанушы, исламтанушы Акрам Хабибуллаев Йемен мен Ливияда, Ұлыбританиядағы Оксфорд исламтану орталығында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Профессор А. Хабибуллаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен ғылыми байланыстарды және бірлескен зерттеу жобаларын дамыту мақсатында тәжірибе алмасу бойынша нәтижелі ынтымақтастық орнатты. Бұл білім және ғылым саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт береді.








Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары