★Тарих және педагогика факультеті
6В03210 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің XVII республикалық пәндік олимпиадасы.
2025 жылдың 22-26 сәуір аралығында 6В03210 – «Кітапхана ісі» (6В03205 – «Кітапхананың ақпараттық жүйелері») білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. С.Қаниева атындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасының мәжіліс залында республикалық олимпиада өтті. Шараны Физика-математика институтының Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасы ұйымдастырды. Олимпиада оқу-тәрбие үдерісіне жаңалықтарды іздестіру және енгізу, кітапханашылардың кәсіби дағдылары мен дербестігін дамыту, болашақ мамандардың таланты мен қабілетін анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Дарынды жастарды қолдау арқылы студенттік пәндік олимпиада «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекетаралық және халықаралық деңгейде командалық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Олимпиада жұмысының әділ-қазылар алқасының Төрағасы:
Жетекші:Тоиева М.Е.




- Сайдембаева Алия Шуратқызы - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры
- Маханбетова Гульмира Абылайханқызы - ҚР Ұлттық кітапханасы, Ғылыми-әдістемелік қызмет жетекшісі
- Өтегенова Әсем Мұхтарқызы - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, С.Қаниев атындағы Ғылыми кітапхананың директоры
- Нұржанова Гүлмира Исатайқызы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика институты «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
- Усенбаева Шынар Мутанқызы - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика институты «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедрасының магистр, аға оқытушы
Жетекші:Тоиева М.Е.




Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары