★Тарих және педагогика факультеті
Жеңістің 80 жылдығы және кеңес одағының батыры Садық Әбдіжаппаровтың 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.
2025 жылғы 29 сәуір күні Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінде «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Садық Әбдіжаппаровтың 100 жылдығы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары қатысты. «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанболатов Саттар Есбергенұлы Кеңес Одағының Батыры Садық Әбдіжаппаровтың өмір жолы мен ерліктері туралы баяндама жасады. «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеуқулов Ғахарбек Сейдуллаұлы Оңтүстік өңірден шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы зерттеу деректерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» кафедрасының магистр-оқытушысы Баймаханов Нұрбек Бақтиярұлы ерлік пен батырлық ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, Әуезов университетінің білім беру бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасына тоқталды. Конференция аясында мектеп оқушыларының ғылыми жобалары таныстырылып, ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар табысталып, конференция «Ер есімі – ел есінде» деген ұранмен қорытындыланды.








Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары