★Тарих және педагогика факультеті
Ескерткіштер мен тарихи орындар – ел қазынасы.
2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан тарихы кафедрасының жоспары аясында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар Сайрам тұрғын алабындағы «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК Сайрам музейіне экспедиция ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар музейдің экспозициялық залдарын аралап, тарихи жәдігерлер мен рухани мұралармен танысты. Музей – бұл өткен мен бүгіннің арасындағы алтын көпір, адамзат өркениетінің, ұлттың рухани және мәдени байлығының куәсі. Экспедиция жұмысы Ибрагим-ата кесенесі мен Қарашаш ана кесенесінің тарихымен танысумен жалғасты. Әрбір ескерткіш тек өз дәуірінің куәсі ғана емес, тұтас ұлттың тарихы мен мәдениетінің айнасы болып табылады. Бұл экскурсия студенттер мен жастардың киелі орындарды сақтау мен қорғауға, тарихи мұраға деген жауапкершілігін арттыруға зор ықпал етті. Ескерткіштер мен тарихи орындар – халықтың мәдени және тарихи байлығының көрінісі. Аталған шара студенттердің туған өлкесінің тарихын тануға және патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.








Басқа жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерл

ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ
15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: та

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»
2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары