★Филология факультеті
Халықаралық DAAD неміс тілі қысқы мектебі
5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті Дроботова Анастасия қазан айында оnDaF тестін тапсырып, өз деңгейін көрсетті. Конкурстық іріктеуден өткен студент DAAD (Неміс академиялық өзара алмасу қызметі) ұйымдастыруымен 2016 жылдың 27 қараша – 4 желтоқсан аралығында Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚҰУ базасында өткен «Қазақстандағы және Германиядағы неміс салт-дәстүрлері» атты халықаралық қысқы мектебіне шақырту алды.
Неміс тілі курстарын Германиядан келген DAAD лекторлары Элли Мак, Флориан Так, Штефан Кель, Бартоломеус Миньковски и Тереза Фукс жүргізді. Басты назар студенттердің ауызша сөйлеу тіліне аударылды. Неміс тілі курстарынан бөлек Қазақстандағы «Жандану» неміс қоғамы және Алматы қаласы неміс бас елшілігі қолдауымен Қазақстандағы неміс ұлт өкілдерімен кездесу өтті.
Қысқы мектеп бағдарламасы өте қызықты әрі әсерлі болды. Дәріс, семинар және практикалық сабақтардан басқа топтық жоба және сұрақ-жауаптар өткізілді. Сондай-ақ, «Неміс үйіне» бару , неміс ұлт өкілдерімен кездесу, Медеуге саяхат және неміс тілінде фильм көру сынды мәдени-тынығу шаралары да жүргізілді.
Неміс тілі халықаралық қысқы мектебі неміс халқының төл мейрамдары мен салт-дәстүрлерін жаңа қырынан тануға, ауызекі сөйлеу тілін дамытуға, еліміздің басқа қалаларынан жаңіа достар табуға тамаша мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар студенттердің неміс тілі мен мәдениетін оқуға ынталандыратыны сөзсіз.


Басқа жаңалықтар

ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ
ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер ж

Құрметті студенттер мен магистранттар!
Құрметті студенттер мен магистранттар! 2025–2026 оқу жылынан бастап келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды: 6B01730 – Шетел тілі: екі шетел тілі Негізгі өз

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning» жазғы мектебі өтті
2025 жылғы 9-нан 20 маусымға дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning: Лингводидактика және цифрлық қ