★Филология факультеті
«Ағылшын тіл білімі» кафедрасының оқытушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында әділқазы
2020 жылдың 4 желтоқсанында О.А. Жолдасбеков атындағы №9 лицей базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының 1 туры өткізілді. Байқауға Шымкент қаласының мектеп оқушылары қатысып, өздерінің ғылыми жобаларын лайықты түрде ұсынды. «Тіл білімі (ағылшын, неміс және француз тілдері)» бөлімінің әділқазылар алқасы «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының оқытушыларымен жұмыс жасады: кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Карбозова (қазылар алқасының төрағасы), сонымен қатар қазылар алқасының мүшелері - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Швайковский, магистр, аға оқытушы А.М. Шымырбекова. Жобаларды қорғау барысында өзекті лингвистикалық мәселелер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары, сондай-ақ мектепте ағылшын тілін оқытуда қолданылатын белсенді және интерактивті әдістер талқыланды.



Басқа жаңалықтар

ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ
ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер ж

Құрметті студенттер мен магистранттар!
Құрметті студенттер мен магистранттар! 2025–2026 оқу жылынан бастап келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды: 6B01730 – Шетел тілі: екі шетел тілі Негізгі өз

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning» жазғы мектебі өтті
2025 жылғы 9-нан 20 маусымға дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning: Лингводидактика және цифрлық қ