★Филология факультеті
Біздің оқытушылармен бірге "SPELLING BEE" сайысы.
Қазан айында Фулбрайт бағдарламасының өкілі Генри Сэмм мен аға оқытушы Бейсембаева Айгуль кафедрада даярланатын білім беру бағдарламаларының практикалық базаларының бірі Шымкент қалалық №24 мектеп лицейінде болып қайтты. Кафедрамыздың бітіруші түлегі Жарылқасын Мадинабану сыныбында ұйымдастырылған ағылшын тіліндегі сауатты жазу “Spelling Bee” конкурсына қазылық жасап, кішкентай білім алушыларға жол сілтеді. Сондай-ақ, кездесу аясында Генри Сэмм мектеп мұғалімдеріне әдістемелік тренинг өткізді. Айгүл Бейсембаева талапкерлерді университетке тарту мақсатында шетелдік филология және аударма саласындағы өзінің кәсіби ұсынымдарымен және ғылымдағы соңғы үрдістермен бөлісті. Кәсіби маман ретінде Генри Сэмм қала мектебі мен конкурс туралы пікірін былай деп жеткізеді, - «Шымкенттегі мектептерді аралағанда оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейіне және сыныптағы оқу құралдарының түрлеріне таң қаламын. № 24 мектепте емле арасын бағалау тәжірибесі бұған тамаша мысал болды: жас оқушылар бірнеше қиын сөздерді дұрыс жазды, ал барлық жұмыс сенсорлық экранда жасалды».






Басқа жаңалықтар

ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ
ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер ж

Құрметті студенттер мен магистранттар!
Құрметті студенттер мен магистранттар! 2025–2026 оқу жылынан бастап келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды: 6B01730 – Шетел тілі: екі шетел тілі Негізгі өз

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning» жазғы мектебі өтті
2025 жылғы 9-нан 20 маусымға дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning: Лингводидактика және цифрлық қ