★Филология факультеті
Фулбрайт программасының өкілі Генри Саммен танысу
«Заманауи тілдер және аударматану кафедрасының» қатары АҚШ мемлекеттік Фулбрайт бағдарламасының кезекті өкілі, ағылшын тілін үйретуші Генри Сэммен толықты. Аталған оқу бағдарламасының аясында ағылшын тілінде аптасына студенттерге 18-сағаттық практикалық сабақтар, 1-сағат профессор оқытушылар құрамына әдістемелік тренинг, 1- сағат дебаттық және Ted Talks форматында пікірталас клубы, сондай-ақ екі сағат оқудан тыс іс-шараларға да белсенді қатысу мүмкіндігі оқу жылы бойы ұйымдастырылады.
Мен Генри, Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласына жақын орналасқан 28 000-ға жуық тұрғыны бар Ньютаун қаласындағы Фулбрайттың ағылшын тілі бойынша ассистентімін. Мен 25 жастамын, Вашингтонда, Ресейде және Санкт-Петербургте оқыдым. 2018 жылы университетті бітіргеннен бері мен бірнеше елде тұрдым, сондықтан мен саяхат туралы сөйлескенді ұнатамын! Менің хоббиім: допты хоккей ойнау, йогамен айналысу, тиын жинау және үстел ойындарын ойнау. Барлықтарыңызбен кездесуді асыға күтемін! Осы орайда жақында болған туристтік сапар туралы айтсам, Түркістан сияқты мәдениеті бай өлке Шымкент қаласына жақын орналасқандықтан, тарихи орындар әрқашан қол жетімді. Мешіттерді, кесенелерді және көне қирандыларды аралау арқылы Қазақстанның өткен дәуіріндегі белгілі тұлғалар туралы білу қызықты болды.
Басқа жаңалықтар

ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ
ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер ж

Құрметті студенттер мен магистранттар!
Құрметті студенттер мен магистранттар! 2025–2026 оқу жылынан бастап келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды: 6B01730 – Шетел тілі: екі шетел тілі Негізгі өз

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning» жазғы мектебі өтті
2025 жылғы 9-нан 20 маусымға дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning: Лингводидактика және цифрлық қ