★Филология факультеті
Мәнерлеп оқу сайысы "ФРАНКОФОНИЯ"
2022 жылдың 17 наурызында Шымкенттегі Француз альянсында Франкофониялық көктем мерекесі аясында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оған М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Мирас» университетінің студенттері, сонымен қатар №20 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Барлығы 22 қатысушы болды. Бұл байқауда студенттер мен оқушылар 125 жылдық мерейтойы Францияда және француз тілі оқытылатын басқа елдерде кеңінен аталып өтілетін француз ақыны Луи Арагонның шығармасынан өлеңдер орындады. Қазылар алқасының құрамында француз Гаэль Баль және тәжірибелі француз тілі мұғалімдері Изаак A.И. және Сұлтанова Ж.Р.
Айта кетерлігі, жүлделі орындар үшін тартыс қызу өтті. Барлық қатысушылар табысқа жету үшін бар күштерін салды. Бірақ бұл бәсекеде және ең күштілер жеңді. 1-орынды ФИ-20 7р тобының студенті Утебаева Диана (М.Әуезов атындағы ОҚУ) жеңіп алды, 2-орынды Жаннат Мирзахмедова («Мирас» университеті, 3-орынды студентіміз Лейла Алдияр, ФИ -20 7р тобының студенті (М. Әуезов атындағы ОҚМУ) иеленді. Үш қатысушыға да дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, ал байқау жеңімпазы Лейла Шымкент қаласының француз альянсында білім алуға 100% жеңілдік сертификатын жеңіп алды. Қалған қатысушылардың барлығына қатысу сертификаттары мен сыйлықтар берілді. Жарыс өте жылы атмосферада өтіп, қатысушылардың әрқайсысының жүрегінде осы тамаша мереке туралы жағымды естеліктер қалдырды. Ералиева З.Ж., «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар

ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ
ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер ж

Құрметті студенттер мен магистранттар!
Құрметті студенттер мен магистранттар! 2025–2026 оқу жылынан бастап келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды: 6B01730 – Шетел тілі: екі шетел тілі Негізгі өз

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning» жазғы мектебі өтті
2025 жылғы 9-нан 20 маусымға дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning: Лингводидактика және цифрлық қ