★Филология факультеті
Қытай тілінде қарым-қатынас жасау
Магистр оқытушы Арын.Ж.Т 04.03.2025ж. күні сағат 13:00де 318 аудиторияда Шет тілі (екінші) (А1) пәні бойынша «周末你干什么?» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақ "周末你干什么?" Сабақ қытай тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ күнделікті әдеттер мен тәртіпті терең түсінуге бағытталды. Таңдалған тақырып студенттерге күнделікті өмірдің әртүрлі жақтарын, күн тәртібін және осы әдеттердің уақытты қабылдауға қалай әсер ететінін талдауға мүмкіндік берді. Сабақтың басты мақсаты – студенттердің қытай тілінде күнделікті өмір туралы еркін әрі сенімді сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақ пікірталас-семинар форматында ұйымдастырылып, әрбір студенттің белсенді қатысуына жағдай жасалды. Мұғалім тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі интерактивті тапсырмаларды ұсынды. Студенттер күнделікті қандай әрекеттер жасайтынын, уақыттарын қалай тиімді жоспарлайтынын және қандай әдеттердің оларға тәртіп пен өнімділік әкелетінін ортаға салып, өзара пікір алмасты.








Басқа жаңалықтар

ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ
ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер ж

Құрметті студенттер мен магистранттар!
Құрметті студенттер мен магистранттар! 2025–2026 оқу жылынан бастап келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды: 6B01730 – Шетел тілі: екі шетел тілі Негізгі өз

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning» жазғы мектебі өтті
2025 жылғы 9-нан 20 маусымға дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning: Лингводидактика және цифрлық қ