★«Басқару және бизнес» жоғары мектебі
Құттықтаймыз!
2016 жылдың 16 маусымында М.Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкерлері арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай «Денсаулық» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тесттері бойынша байқау ұйымдастырылды. «Экономика және қаржы» факультетінің ОПҚ байқауға тек белсенді қатысып ғана қоймай, жеңімпаз атанды. Атап айтсақ:
- Абдурасилова Азиза – «Экономика» кафедрасының жоғары білікті маманы 500 метрге жүгіруден 2-орын, 100 метрге жүгіруден 3-орынды иеленіп мақтау қағазымен марапатталды;
- Алжанова Айгуль Алибековна - э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының доценті 50 метрге жүзуден 3-орынды иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.
«Экономика және қаржы» факультеті жалпы командалық есепте 2-орынды жеңіп алып, арнайы кубокпен марапатталды.




Басқа жаңалықтар

Ашық есік күні
Қазығұрт ауданының мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Ашық есік күні» өтті! 2026 жылдың 13 наурыз күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2

Халықаралық қысқы мектеп
"Auezov University- 2025": Халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын бастады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "Басқару және бизнес" жоғар

Кәсіби бағдар беру кездесуі
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушылары соңғы қоңырау аясында 11-сынып түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Оқушыларға университеттег