★«Басқару және бизнес» жоғары мектебі
Кәсіптік бағдар беру күніне орай өткізілген «Ашық есік» күні
2025 жылдың 17-сәуірі күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі мен «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті жоспарлы кестеге сай бітіруші түлектерге арнап кәсіптік бағдар беру күніне орай «Ашық есік» күнін өткізді. Аталған іс-шараға Түркістан облысы Қазығұрт, Мақтаарал ауданы және Шымкент қаласының мектеп, колледж бітіруші түлектері қатысты.
Кездесуде 2025-2026 оқу жылының ҰБТ тапсыру өзгерістері, талаптары, университеттің 380-ге жуық білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер беру жұмыстары жүргізілді. Білім бағдарламаларының әлеуеті туралы жан-жақты сұрақтар қамтылды. Жалпы болашақ талапкерлер тарапынан университетіміздің қоғамдық өмір тіршілігі туралы қызығушылықтарына байланысты сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ тапсыруда жоғары ұпай жинауына тілек білдірілді.




Басқа жаңалықтар

Ашық есік күні
Қазығұрт ауданының мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Ашық есік күні» өтті! 2026 жылдың 13 наурыз күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2

Халықаралық қысқы мектеп
"Auezov University- 2025": Халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын бастады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "Басқару және бизнес" жоғар

Кәсіби бағдар беру кездесуі
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушылары соңғы қоңырау аясында 11-сынып түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Оқушыларға университеттег