★Жаратылыстану-ғылыми-педагогикалық жоғары мектебі
ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК
«ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ»
ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-да кәсіби мереке аясында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастырумен «Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі» атты республикалық форум өтті. Форумға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева қатысып, ғылым саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.
Форумға еліміздің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген және жетістіктерге қолжеткізген ғалымдар қатысты. Мәліметтерге сүйенсек, әлемдік ғылыми қауымдастықта әйел-ғалымдардың үлес салмағы 30 пайызға жеткен. Ал біздің елімізде, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысатын әйел ғалымдардың үлесі 54 пайызды құрайды, бұл 10 мыңнан астам адам. Ал олардың ғылымдағы саны жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2018 жылы әйел ғылым докторлары саны 595 болса, 2023 жылы ғылым докторы атағын иемденгендер саны 714-ке көбейген.
Форумда ғылымдағы әйелдердің бүгінгі жай-күйі мен жетістіктері айтылып, шешімін күткен мәселелерді талқыланды. Форум барысында «AMANAT» партиясы атынан ғылымдағы, қоғамдық қызметтегі ерен еңбегі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы Утелбаева Ақмарал Болысбекқызы Алғыс хатпен марапатталды.
Басқа жаңалықтар

“Путра Малазия” университетінің профессоры NOR‘AINI BINTI ABDUL RAHMAN-идің академиялық сапары
“ Путра Малазия” университетінің профессоры NOR‘AINI BINTI ABDUL RAHMAN-идің академиялық сапары М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің, «Жаратылыстану ғылымдары және педаго

AI WEEK 2026: ЖИ — бұл жай ғана технология емес, бұл оқудың, зерттеудің және жаңаны жасаудың жаңа тәсілі
AI WEEK 2026: ЖИ — бұл жай ғана технология емес , бұл оқудың , зерттеудің және жаңаны жасаудың жаңа тәсілі Жасанды интеллектіні білім беру мен ғылыми зерттеулер
EPХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Информатика» кафедрасы 8D01503 – «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия док