★ОҚУ колледжі
"Сапалы кәсіптік техникалық білім-жастар жаңғыруының негізі" атты ғылыми –тәжірбиелік конференция
24.04-25.04.2019 ж. аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде "Сапалы кәсіптік техникалық білім-жастар жаңғыруының негізі" атты ғылыми –тәжірбиелік конференциясы 4 секция бойынша ұйымдастырылды. "Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттану" бағыты бойынша "Шымкент қаласында туылған саяси қуғын-сүргін құрбандарының еңбектері" тақырыбында ЕТ-18-13к тобының білімгері Абдукадиров Азамат баяндамасын қорғап, 1 орын иеленді. "Бәсекеге қабілеті жастарды тәрбиелеу және дамыту" бағыты бойынша "Жасыл экономика" тақырыбында
ЕТ-18-13к тобының білімгері Тоқан Әлфия баяндамасын қорғады.
"Жаратылыстану ғылымдар" бағыты бойынша ВЕТ-18-15К тобының білімгері Өмірзақ Бағжан "Бруцеллез-адамзат дерті" тақырыбы бойынша баяндама қорғап, 1 орын иеленді. Сонымен қатар "Құрылыс, көлік және өнеркәсіп" бағыты бойынша ТМн-17-5к тобының білімгері Мұхаммеджан Жанна "Агломераттың құрамындағы кремениземнің рөлі" тақырыбы бойынша баяндамасын қорғап, жүлделі 1 орын иеленді.
Конференция қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледж директоры Сейдахан Нұрмаханұлы Әлібек ғылыми –тәжірбиелік конференцияға қатысқан барлық білімгерлерді құттықтап, дипломдар және сертификаттармен марапаттады.




Басқа жаңалықтар
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алат
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы тан
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымке