★ОҚУ колледжі
«Жаны мейірімге толы адам – бақытты»
М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде «Жаны мейірімге толы адам – бақытты» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Парасаттылық мектебі», «Ізгілік елшілері», «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерінің ат салысуы арқылы өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне жүрегі жомарт оқу орын ұстаздары мен студенттері түгел қатысты. Жәрмеңкеде колледж директоры С.Н.Әлібек: жомарттық – адам бойындағы ең тамаша қасиеттердің бірі екендігін айтып, жас ұрпаққа қайырымдылық жасаудың маңызын түсіндірді. Студенттер өздерінің қолдарынан жасаған түрлі тағамдар мен тәттілерді жәрмеңкеде саудаға салды. Бұл жәрмеңкеге әрбір колледж студенті ерекше дайындалды. Себебі мұндағы заттардың көбісі білім алушылардың өз қолдарымен әзірленген. Ал түскен қаржы Шымкент қаласындағы балалар үйіне көмек ретінде жұмсалатын болады. Аталмыш мақсатта ұйымдастырылатын жәрмеңке жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.
Басқа жаңалықтар
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алат
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы тан
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымке