★ОҚУ колледжі
«Жамбыл-ұлы тұлға»
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 5.04.2021ж М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің ұйымдастыруымен «Жамбыл-ұлы тұлға» тақырыбында «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» кафедрасының оқытушылары мен білім алушыларының қатысуымен конференция болып өтті. Өмірі өлең жырмен өрнектелген, өнері ел-бесікте тербетілген, жыр жұлдызы Жамбыл бабамыздың рухына арналған «Жамбылға арнау» өлеңімен ТТн-18-7к тобының студенті Әбдіманап Тоғжан өз туындысын оқып, топ тәлімгері Тұрғанбай Жадыра Жамбыл ақынның өлеңдері мен сиясы кеппеген жаңа туындыларды қатысушылар назарына ұсынды. Жамбылдың даңғыл жыраулығы, ұлы айтыскерлік мұрасы, күйшілік, жыршылық өнері, ғажап әңгімешілдігі, байтақ шежірешілдігі мен ақын жырларының шеберлігі жайында сөз қозғап, ақынның өмірі мен шығармашылығын әдебиеттану, тіл білімі және әдістемелік қырынан жан-жақты қарастырылып, білім ордасының оқытушылары толықтай мәліметтермен бөлісіп, жоғары деңгейдегі конференцияны қорытындылады.


Басқа жаңалықтар
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алат
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы тан
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымке