★ОҚУ колледжі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🗓 2022ж. 17-20 тамыз аралығында 🇦🇪 Біріккен Араб Әмірлігі, Абу-Дабу қаласында ММА аралас жекпе-жек жауынгерлік спорт түрінен Әлем чемпионаты сәтті өтті.

Ол байрақты бәсекеде көк туымыздың намысын ??Қазақстан Республикасының ұлттық құрама команда мүшесі, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ДТн-21-1к тобының білім алушысы Ергентай Аяжан абыроймен қорғады.

1) ??16-17 жас қыздар аралығында Ергентай Аяжан Ерзатқызы 52,2 келі салмақ дәрежесінде @ayazhan_ergentay -? күміс медаль алды
2) М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің Дене тәрбиесі және спорт мамандығын таңдаған талапкер Аубакир Аяулым Дауленқызы 44 келі салмақ дәрежесінде @ayulim_aubakir ? қола медаль алды.

Бапкерлері: Борықбаев Асхат, Жусипов Бағдат

← Барлық жаңалықтар