★ОҚУ колледжі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2023 жылдың 9-20 қаңтар күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жыл сайын өтетін дәстүрлі факультетаралық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» Рухани жаңғыру мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатындағы спартакиадасы ұйымдастырылып өткізілді. Спартакиаданың жабылу салтанаты 20 қаңтар күні 12:00 де "Буревестник" спорт кешенінде өтті. Жарысқа 13 факультеттің оқытушы-профессорларымен қатар бөлім қызметкерлері және әскери кафедра, колледж, қауіпсіздік қызметі, әкімшілік шаруашылық қызметі департаменті қатысты. Спорт түрлері: кіші футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, стол теннисі, қол күресі, кір тасын көтеру және арқан тарту бойынша командалар сайысқа түсті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты, достықты нығайту және спорт түрлерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған жарыста "Спорт және туризм" факультетінің оқытушылары төрешілік етті. Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есеппен М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі кіші футболдан I-орын, волейболдан II-орын барлық спорт түрінен жалпы командалық есепте III-орын иеленді.




Басқа жаңалықтар
COLLEGE
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алат
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы тан
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымке