★ОҚУ колледжі
зорлық зомбылықтың алдын-алу мақсатында, сенімді мінез-құлық бойынша тренинг өткізілді.
2023 жылдың 07 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің №4 жатақханасында Психолог Әзімбаева А.Б зорлық зомбылықтың алдын-алу мақсатында, сенімді мінез-құлық бойынша тренинг өткізді.
Студенттермен өткізілетін жұмыстың мұндай түрі дәстүрге айналды: жыл сайын жатақханада тұратын студенттер арасында зорлық зомбылықтың алдын-алу, сенімді мінез-құлық тренингі, күйзелісті көтере білу, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және тұлғаның өсуіне ықпал ету тренингтері өткізіліп тұрады.
Зорлық зомбылықтың алдын-алу, қарым-қатынас дағдыларын және сенімді мінез-құлықты қалыптастыру мәселесі қазіргі кезде халықтың көпшілігі үшін, әсіресе студенттер үшін өзекті болып отыр.
Күйзелісті көтере білуді қалыптастыру бойынша ұсынылған тренинг бағдарламасының негізгі мақсаты ең алдымен студенттердің күйзеліс орын алған кезде тиімді копинг-мінез стратегиясын дамыту болды.
Жұмыстың бірінші кезеңінде танысу, қолайлы психологиялық ахуал жасау және тренингтің кеңістігіне өту мақсатында арнайы жаттығулар өткізілді. Бұдан кейін күйзеліс тууы мүмкін және күйзеліс болатыны анық жағдайлар қалыптастыруға бағытталған жаттығулар орындалды. Аталған жаттығулар барысында студенттер копинг-мінез дағдыларын меңгеруге, күйзеліспен күрестегі өздерінің жеке әдістерін ортаға салуға және психология оқытушыларына тақырыпқа қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Кездесу соңында студенттердің психологиялық және эмоционалдық күйін бақылауға және студент жастардың сенімді мінез-құлық стратегиясы және эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру бойынша атқарылатын жұмыстардың нобайын көруге көмектескен топтық рефлексия өткізілді.

Басқа жаңалықтар
COLLEGE
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алат
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы тан
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымке