★ОҚУ колледжі
Ақай Нүсіпбекұлы Нүсіпбековтың 115-жылдығына орай еңбектер жинағы таныстырылды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті колледжінің АКТ залында, 2024 жылдың 28-ші желтоқсан күні, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Институт Бас директоры, тарих ғылыми докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы және аға сарапшысы, тарих ғылымының кандидаты Әуезхан Кәдіржанұлы Шашаев пен кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты: 1956-1982 жылдары Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институтымызды басқарған Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ақай Нүсіпбекұлы Нүсіпбековтың 115-жылдығына орай дайындалған 5-томдық еңбектер жинағын колледждің ұжымына таныстырылды. Колледж басшылығына және ұжымға ХХ ғасырдың ірі ғалымдарының бірі, ержүрек майдангер, ұлағатты ұстаз, білікті басшы Ақай Нүсіпбековтың тарихи мұраларын зерттеп, зерделеу, жинақтау жұмыстары бұдан әрі де жалғасын табытындығы баяндалды. Жиын барысында, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті колледжі тарих ғылымдарының докторы Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы сөз сөйлеп, бүгінгі жарыққа шығып,жазылған шығармашылық жұмыстардың қашанда оңға басуына, еліміздің алдында атқарып жатқан жұмыстарының игі істеріне тілектестік білдірді. Қазақстан тарихы пәні оқытушысы, магистр Досыбай Н.Ж жеке өзінің туындысынан арнау ретінде: «Тіресіппіз күресіппіз сан ғасыр» тақырыбында өлеңін оқыды. Бүгінгі қонақтарға, директордың оқу- ісі жөнідегі орындасары айтып, алдағы жұмыстарына шығармашылық тілектестік білдірді. Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов атындағы тарих этнология инстиуты ұжымына алғыс білдіреміз.




https://www.instagram.com/p/DEMB0qmofAA/?img_index=1




https://www.instagram.com/p/DEMB0qmofAA/?img_index=1Басқа жаңалықтар
COLLEGE
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алат
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы тан
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымке