★ОҚУ колледжі
«Шым қала тарихы жастар көзімен» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Бүгін «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК-не қарасты «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде «Шым қала тарихы жастар көзімен» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжі ББн-23-1к, ББН-23-2к тобының студенттері қатысты. Іс-шара барысында колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, PhD доктор Е.Д. Пазилов «Шым қала» тарихи-мәдени кешенін этнотуристік әлеуетін арттыру жолдары» атты тақырыпта баяндама жасады. Сонымен қатар, колледждің белсенді студенттері Шымкент қаласының археологиясы мен зерттеу тарихы, «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің қала тарихын насихаттаудағы рөлі, Мегаполис туризмін таныту мен дамытудағы жұмыстар, Шым қаланың бүгінгі мәдени тынысы, Шымкент қаласының этнографиялық ерекшеліктері бағыттарында өз ой-пікірлерін ортаға салды. Іс-шара соңында белсенді қатысып, ой-пікірлерін ортаға салған студенттерге Алғыс хат табысталып, арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.




Сілтеме.




Сілтеме.Басқа жаңалықтар
COLLEGE
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алат
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы тан
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымке