★ОҚУ колледжі

Бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің білім алушыларына «Қырым – Конго геморрагиялық қызбасы» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің білім алушыларына «Қырым – Конго геморрагиялық қызбасы» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Іс-шара барысында Өркенмед клиникасының дәрігері Аштай Н.С. және колледж фельдшері Ахметова А. студенттерге аталған аурудың таралу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай түсіндіру жұмыстары студенттердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға және жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған.

← Барлық жаңалықтар