★ОҚУ колледжі
Шымкент қаласының колледж педагогтері республикалық спартакиадада жүлделі II орын иеленді



Шымкент қаласының колледж педагогтері республикалық спартакиадада жүлделі II орын иелендіТехникалық және кәсіптік, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында өткен республикалық спартакиадада Шымкент қаласының колледждерінен құралған құрама команда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар арасында өткен жарыста шымкенттік педагогтер өздерінің спорттық шеберлігін, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін таныта білді. Команданың бұл жетістігі – білім саласы қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткенінің жарқын көрінісі.
Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғаған құрама команда мүшелерін республикалық деңгейдегі жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз! @oqu_agartu_ministrligi @tiposhymkent @bilim_shymkent @auezov_university
Басқа жаңалықтар
COLLEGE
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алат
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы тан
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымке