★ОҚУ колледжі
Құқықбұзушылықтың, буллингтің және сталкингтің алдын алу



Құқықбұзушылықтың, буллингтің және сталкингтің алдын алуБүгін Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттерімен Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкері Абдрайым Әлиасқар Сабитұлының қатысуымен «Құқықбұзушылықтың, буллингтің және сталкингтің алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге:
- кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;
- түнгі уақытта, сағат 22:00-ден кейін заңды өкілінсіз жүрмеу талаптары;
- буллингтің (әлімжеттіктің) алдын алу;
- сталкингтің алдын алу және оның қауіптілігі;
- дропперлік әрекеттерден сақтану;
- оқушылардың құқықтары мен міндеттері;
- интернет қауіпсіздігі және әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу соңында студенттер заң талаптары мен қауіпсіздік шараларына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.
Басқа жаңалықтар
COLLEGE
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алат
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы тан
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымке