Шымкент қаласында облыстық опера және балет театрында «Арай - 2017» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілер байқауы болып өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкері Қуанышбек Мұқанғалиев төрағалық еткен байқауда, қазылар алқасының құрамында әнші Шаһизада Байпатшанова, эстрада жұлдызы Бағлан Жолдасов сынды мәдениет қайраткерлері болды.
Бұл жолғы байқаудың ерекшелігі, республикалық, халықаралық деңгейдегі өнер байқауларының лауреаттары мен мәдениет майталмандары облыстың аудан-қалаларында болып, үміткерлерді іріктеуден өткізді.
Байқауға ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушысы ҚХР азаматы, қандас бауырымыз, факультет мақтанышы Серікхан Арай өз өнерін көрсетіп, бағын сынады. Ол екінші айналымнан іріктелген 217 үміткердің ішінен өзінің дарындылығымен ерекшеленіп, жүлделі бірінші орынды иеленді.
Арайдың бұл жеңісі университет абыройын асқақтатып, факультет мерейін өсірді. Осыған орай, факультет оқытушылары мен тыңдаушылары Серікхан Арайды жүлдесімен құттықтап, алар асуы, шығар биігі алда деген сенімдерін білдірді.
«Арай-2017» байқауының жеңімпазы – Серікхан Арай
Мынаны да оқыңыз

«Ордабасы» футбол клубының тарихи жеңісі салтанатты түрде аталып өтті
Шымкенттегі Астана алаңында 2026 жылғы маусымда сәтті өнер көрсеткен «Ордабасы» футбол клубына арналған ауқымды мерекелік кеш өтті. Команда өз тарихын…

Auezov University QS Asia Ranking 2027 РЕЙТИНГІСІНДЕ Азиядағы ең үздік 200 жоғары оқу орнының қатарына енді
2026 жылдың 3 қарашасында британдық QS рейтинг агенттігі QS Asia Ranking 2027 рейтингісін жариялады. Әуезов университеті биылғы аймақтық рейтингте Ази…

Cтудентіміз – Қазақстан чемпионатының жүлдегері!
Тараз қаласында өткен кикбоксингтен ҚР чемпионатында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенті Сырым Шайзадаев жүлдег…