АМжД Білім беру бағдарламаларының менеджменті орталығы 2022-2023 оқу жылына дайындық бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде. Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес, үштілді білім беруді және ағылшын тілінде оқытуды дамыту мақсатында, 21.02-04.03.2022 ж. аралығында 1-ші курс студенттері арасында ағылшын тіл білімдік деңгейлерін анықтау үшін тестілеу ұйымдастырылды және жүргізілді. Өту балын жинаған студенттер өз қалауларымен ағылшын немесе үштілді оқыту топтарына жазылып оқиды.




