«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшелері бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
- ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор;
- әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор;
- қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының белгіленген нысандағы қызмет тізімі;
4) салыстыру үшін түпнұсқаларын көрсете отырып, білім туралы құжаттар және оларға қосымшалар;
5) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (медициналық кәсіби консультациялық қорытынды) № 075/у нысаны;7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысына өткізу қажет, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 (248 каб.), телефон: 8 (707) 859-60-23, 8 (702) 944-28-67, эл.пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
1.Өтініш үлгісі
2.Қызметтік тізім үлгісі
3.Сайлау тәртібі


