Рейтингтер мен жетістіктер

QS ASIA RANKING 2025 AUEZOV UNIVERSITY АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК 150 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА КІРДІ

2024 жылғы 6 қарашада Британдық QS рейтингтік агенттігі QS Asia ranking 2025 рейтингісінің нәтижесін жариялады.

Auezov University Азиядағы 984 ЖОО арасында 138 орынға ие болды. Өткен жылмен салыстырғанда ЖОО 6 позицияға көтерілді.

QS Asia University Rankings рейтингісін жасау кезінде сарапшылар Азия университеттерін 11 критерий бойынша бағалайды: ғылыми сарапшылар мен жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғылыми жарияланымдарға сілтеме жасау, профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми дәрежесі бар қызметкерлер саны, халықаралық зерттеу желісі, ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі, шетелдік студенттер мен ғалымдардың саны және студенттердің профессор-оқытушы құрамға қатынасы және студенттердің академиялық ұтқырлығы.

Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының ТОП-150 қатарына кіру – біздің университет үшін маңызды жетістік.

https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings/central-asia


Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға