Рейтингтер мен жетістіктер

ӘУЕЗОВ СТУДЕНТІ ІХ ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Қазақстандық спортшылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатика сынында қола медаль еншіледі. Отандастарымыз Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында 59.16 ұпай жинап, үшінші орынан көрінді.

Атап өтейік, Ардана Маханова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Спорт және туризм» факультетінің СТ -23-3р1 тобының студенті, фристайлдан спорт шебері.

Бүкіл Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Ардана Маханованы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға