★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
«Еңбек күніне» арналған ашық тәлімгерлік сағаты
02.10.2015 ж «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Химия» кафедрасында ХТ-14-3К және ХТ-14-3Р топтарының ұйымдастыруымен «Еңбек күніне» арналған ашық тәлімгерлік сағаты «А» ғимаратының 127 аудиториясында өткізілді.
Тәлімгерлік сағатты өткізгендегі мақсат: Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, «Еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек ардагерлерін құрметтеу.
Тәлімгерлік сағатқа Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Байдаулетов Сейдахмет Ауелбекұлы, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Омаров Мұхан Омарұлы және «Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің» еңбек ардагерлері, ұстаздары және студенттері қатысты.
Студенттер «Еңбек» туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айтып, еңбек ардагерлеріне арнап ән шырқады.
Тәлімгерлік сағат соңында Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Байдаулетов С.А., Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Омаров М.О. және «Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің» деканы Болысбек А.Ә. сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады.



Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
